Супервайзерлердің қызмет бабындағы міндеттері. Жалпы ережелер

1. Ауысымдағы тазалықшылардың сапалы жұмысын қамтамасыз ету, барлық сеніп тапсырылған бөлмелерде персоналдың жұмысын жоспарлау.

2. Кез келген шаруашылық немесе тұрмыстық қызмет көрсетулерге қажеттілік туындай қалған жағдайда, отельдің қабылдау және орналастыру қызметі, басқа қызметтері мен меймандар арасындағы байланыстарды іске асыру.

3. Меймандардың тұруы үшін мейлінше көп жайлылықтар, ыңғайлылықтар жасау.

4. Отельде тазалықтың аса жоғары стандарттарын қамтамасыз ету.

5. Номер қорының, қоғамдық, тұрмыстық, шаруашылық, әкімшілік бөлмелердің жиналу сапасын бақылау, қызмет бабындағы бөлмелердің (тазалықшылардың бөлмелері, кір жуатын бөлмелер) тәртіпте ұсталуын бақылау, жұмыс күнінің соңында Housekeeping қызметінің кеңсесінің жағдайын, жұмыс арбаларының жинақталуын, шаңсорғыштардың тазалығын және т.б. бақылау.

6. Мейманхана мүлкінің: интерьер заттарының, төсек жаймасының, ыдыс-аяқтың, керек-жарақтың, жинау механизмдерінің және т.с. сақталуын бақылау.

7. Жабдықтың техникалық күйін бақылау әжне жарамсыздықтарды жою үшін инженерлік-техникалық қызметке дер кезінде тапсырыстар беру.

8. Отельдің оң бет-бейнесін жасау үшін мейманхана интерьерлерін көгалдандыру және безендіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

9. Қабаттардағы төсек жаймасының, шығын материалдардың, жарнама өнімінің қажетті санын қамтамасыз ету.

10. Жуғыш заттардың және басқа шаруашылық материалдарының ұтымды бөлінуін және пайдаланылуын бақылау.

11. Материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізу, отельде тұратындардың мүлікті бүлдіру актілерін толтыру (қажетті жағдайларда).



12. Меймандар ұмытып кеткен заттарды рәсімдеу, есепке алу және сақтау.

13. Қызметтің кілт шаруашылығы үшін толық жауапкершілік.

14. Номерлерді VIP-персоналардың кіруіне дайындау бойынша тазалықшыларға нұсқау беру және осы номерлердің адамдардың кіруіне дайындығын тексеру.

15. Тазалықшылардың сыртқы түрін бақылау, олардың жұмыс кестесін және үзілістерді сақтауын бақылау.

16. Санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтау, сондай-ақ оларды бағынышты қызметкерлердің сақтауын бақылау.

17. Бөлімнің кеңестеріне және өндірістік оқытып-үйретулерге қатысу.

18. Олардың клиенттерге қызмет көрсетуді мейлінше жоғары деңгейде жүргізуі мақсатында бағынышты қызметкерлерге көмек көрсету.

19. Персоналды оқытып-үйрету, өз өзін тәрбиелеуге, инабаттылыққа және меймандармен, бір-бірімен қатынастарда тілектестікке қойылатын белгіленген жоғары талаптардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету; қызмет қызметкерлерінің әрқайсысының бойында өз кәсібіне мақтанышты, өз еңбегінің бүкіл кәсіпорынның жұмысындағы маңыздылығы сезімін тәрбиелеу.

20. Ішкі жарлықтарды, нұсқауларды, меморандумдарды, бұйрықтарды, қауіпсіздік техникасы ережелерін және өртке қарсы қауіпсіздікті сақтау; токсан сайын бағынышты қызметкерлермен нұсқау беруді жүргізіп отыру.



Housekeeping қызметінің супервайзерінің қызметіне келесідей біліктілік талаптары қойылады:

Ø жоғарғы немесе орта білім;

Ø ағылшын тілін білу, басқа шетел тілдерін білу абзал;

Ø мамандық бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл.

Әдетте, аталған қызметке тағайындаған кезде басымдықтар өз отелінің Housekeeping қызметінде көпжылдық, табысты жұмыс тәжірибесіне ие тазалықшыларына беріледі.

Супервайзерлер бірін бірі алмастыра отырып, ауысым бойынша жұмыс істейді.

Кеңсе бойынша кезекші супервайзердің бірінші, таңертеңгілік (күндізгі) ауысымда жұмыс істеу схемасы.

1. 1-ші ауысымның супервайзері жұмысқа жұмыс күні басталғанға 5-10 минут қалғанда келеді; біркелкі форма киеді; персоналға арналған кіретін жерде (немесе жекелеген мейманханаларда Receprion-да) Housekeeping кеңсесінің кілттерін алады; ӘШҚ атына келіп түскен бүкіл корреспонденцияны алады.

2. Receprion-да түнгі аудитордан мейманхананың номер қорының (HousekeepingReport) ағымдағы жағдайы туралы есеп алады.

3. Тазалықшылардың түнгі ауысымының жұмысын бақылайды: тазалықшылартүнгі ауысымның қалай өткендігі туралы есеп береді, атқарылған жұмыс туралы баяндайды. Ең маңызды ақпаратты супервайзер «Ауысымдарды тапсыру кітабында» (ағылш. Log book) тіркейді.

4. Вестибюльде жұмыс істейтін тазалықшыларүшін тапсырмалар дайындайды; кір жуу-химтазарту персоналына кілттер береді.

5. HousekeepingReportсәйкес тұрғын қабаттарда жұмыс істейтін болатын тазалықшыларүшін жеке тапсырмалар дайындайды және оларды тиісті кілттермен жабдықтайды.

6. Басқа супервайзерлерге жұмыс бөліп береді, оларды маңызды ақпаратпен және табысты жұмыс үшін қажетті күннің ерекшеліктерімен таныстырады.

7. 1-ші ауысымның кезекші супервайзері кеңседегі ағымдағы жұмысты орындайды, телефон этикетіне сәйкес телефон қоңырауларына жауап береді, тазалықшылардың және супервайзерлердің жұмысын үйлестіріп отырады.

8. Клиенттерден өздерінің жеке заттарын жууға, үтіктеуге, химиялық тазартуға тапсырыстар қабылдайды; меймандардың барлық ниеттерін ескере отырып, тапсырыстардың орындалу мерзімдерін бақылайды; клиенттерге мәселелердің кең аясы бойынша ақпарат береді.

9. Тиімді жұмыс үшін қажетті ақпаратты 2-ші (кешкі) ауысымның персоналына беруге дайындалады.

10. Жалпы мейманхана бойынша және, жекелей алғанда, ӘШҚ бойынша жағдайды негізге ала отырып, басқа да жұмыстарды орындайды.


3516729816660427.html
3516748722275082.html
    PR.RU™